АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті.
"Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Сонымен қатар жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселе бойынша пікір алмасу болды.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланысты қолдауға келісті.