https://sputnik.kz/20250301/vizasyz-rezhim-ashylady-ministr-afrika-eline-algashqy-saparmen-bardy-51256126.html
"Визасыз режим ашылады": министр Африка еліне алғашқы сапармен барды
"Визасыз режим ашылады": министр Африка еліне алғашқы сапармен барды
Sputnik Қазақстан
Өткен жылы екі елдің тауар айналымы айтарлықтай өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен 01.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-01T15:58+0500
2025-03-01T15:58+0500
2025-03-01T16:02+0500
марокко
виза
https://sputnik.kz/img/07e9/03/01/51255966_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_411b7c96dbc08df68ee4ec60324c0d5a.jpg.webp
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігіне екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Нұртілеу алдымен осы елдің сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және шетелде тұратын марокколықтар істері министрі Насер Буритамен кездесті.Сондай-ақ, ол жақын арада визасыз режим туралы келісім күшіне енетінін және Марокко екіжақты визасыз режим орнатылған Африкадағы алғашқы ел болатынын айтты, бұл іскерлік байланыстарды дамыту және азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.Ал Бурита Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық рөлін ерекше атады. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы айтарлықтай өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен. Қазақстан дайын мұнай-химия өнімдерін, металлургия өнімдерін және азық-түлік тауарларын қоса алғанда, 130 млн АҚШ доллары сомасына 25 негізгі тауар позициясы бойынша экспортты кеңейтуге де дайын.Ал туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар 2025 жылы әуе қатынасы туралы келісім бойынша жұмысты аяқтауға және тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігін қарастыруға келісті.Қазақстан мен Марокко министрлері өзара іс-қимылды кеңейту үшін жұмыс топтарын құру туралы бірлескен коммюнике де қабылдады.
https://sputnik.kz/20240423/qazaqstan-tailandpen-vizasyz-kelisimge-qol-qoydy-43852785.html
марокко
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/01/51255966_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7ee3f8be07e76ac4162a5a4c3277a224.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
марокко, виза
"Визасыз режим ашылады": министр Африка еліне алғашқы сапармен барды
15:58 01.03.2025 (жаңартылды: 16:02 01.03.2025) Өткен жылы екі елдің тауар айналымы айтарлықтай өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігіне екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің
ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұртілеу алдымен осы елдің сыртқы істер, Африка ынтымақтастығы және шетелде тұратын марокколықтар істері министрі Насер Буритамен кездесті.
"Қазақстан Марокконы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка өңірінде маңызды және жақын серіктес ретінде таниды. 30 жылдан астам дипломатиялық қарым-қатынастар барысында біз ортақ құндылықтарға негізделген мазмұнды саяси диалог құра алдық, сондай-ақ сындарлы парламентаралық өзара іс-қимылды жолға қоя алдық", – деді Нұртілеу.
Сондай-ақ, ол жақын арада визасыз режим туралы келісім күшіне енетінін және Марокко екіжақты визасыз режим орнатылған Африкадағы алғашқы ел болатынын айтты, бұл іскерлік байланыстарды дамыту және азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Ал Бурита Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылық рөлін ерекше атады. Өткен жылы екі елдің тауар айналымы айтарлықтай өсіп, 274 млн АҚШ долларына жеткен. Қазақстан дайын мұнай-химия өнімдерін, металлургия өнімдерін және азық-түлік тауарларын қоса алғанда, 130 млн АҚШ доллары сомасына 25 негізгі тауар позициясы бойынша экспортты кеңейтуге де дайын.
Ал туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар 2025 жылы әуе қатынасы туралы келісім бойынша жұмысты аяқтауға және тікелей әуе рейстерін іске қосу мүмкіндігін қарастыруға келісті.
Қазақстан мен Марокко министрлері өзара іс-қимылды кеңейту үшін жұмыс топтарын құру туралы бірлескен коммюнике де қабылдады.