АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Астана қаласының ауданаралық экономикалық соты "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады.
Іс материалдарына сәйкес заңды тұлға 2021 жылдың 11 қазанында мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, құжаттарға 10 құрылтайшының 9-ның атынан Перизат Қайрат өзі қол қойғаны анықталды.
"Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады сот.
Айта кетерлігі, Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.