https://sputnik.kz/20250219/perizat-qayratqa-qatysty-tagy-bir-is-tirkeldi-50985821.html
Оңалту орталығын салуға ақша жинаған: Перизат Қайратқа қатысты тағы бір іс тіркелді
Оңалту орталығын салуға ақша жинаған: Перизат Қайратқа қатысты тағы бір іс тіркелді
Sputnik Қазақстан
Ол мүгедек балаларды оңалту орталығын саламыз деп аукционмен ақша жинаған 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T11:50+0500
2025-02-19T11:50+0500
2025-02-19T12:50+0500
қылмыс
тергеу
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_44942fc16e7284211d706d81300cb401.jpg
АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі халықтың ақшасын ұрлаған Перизат Қайратқа қатысты тағы бір қылмыстық істің тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін Перизат Қайрат Палестина халқына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырғаны үшін айыпталған болатын. Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қаңтар айында тағы бір қылмыстық іс тіркелді.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы - 190 (алаяқтық) пен 218 (қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.Айта кетері, бүгін Перизат Қайраттың анасы да тергеуге алынғаны белгілі болды. "Наурыздың басында біз тергеу шараларын аяқтаймыз. Оны ресми түрде жариялайтын боламыз. Одан кейін тараптар іс материалдарымен танысады",- деді Елемесов.Оның айтуынша, қылмыстық істер 100 томнан тұрады. Бұдан бөлек, заттай дәлелдер бар. Заң бойынша іс материалдарымен танысу мерзіміне шектеу қойылмайды. Тараптар барлық материал мен дәлелелмен танысқаннан кейін ғана сот отырысы өтетін күн белгіленеді.
https://sputnik.kz/20241116/perizat-qayratqa-qatysty-tagy-bir-zhemqorlyq-fakt-anyqtaldy-48570831.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/66/12556614_157:0:1694:1153_1920x0_80_0_0_8ed0ab272c9dbf596ef61d3172a1f477.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, тергеу
Оңалту орталығын салуға ақша жинаған: Перизат Қайратқа қатысты тағы бір іс тіркелді
11:50 19.02.2025 (жаңартылды: 12:50 19.02.2025) Ол мүгедек балаларды оңалту орталығын саламыз деп аукционмен ақша жинаған
АСТАНА, 19 ақпан– Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі халықтың ақшасын ұрлаған Перизат Қайратқа қатысты тағы бір қылмыстық істің тіркелгенін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Перизат Қайрат Палестина халқына және Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған ақшаны жымқырғаны үшін айыпталған болатын. Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтың айтуынша, қаңтар айында тағы бір қылмыстық іс тіркелді.
"Қаңтардың соңында біз тағы бір эпизодты тіркедік. Ол мүгедек балаларды оңалту орталығын саламыз деп аукционмен ақша жинаған. Осылайша, шамамен 22 миллион теңге жинап алды да, оны да өз қажеттіліктеріне жұмсап жіберді", - деді Елемесов мәжілісте өткен брифингте.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің екі бабы - 190 (алаяқтық) пен 218 (қылмыстық жолмен келген табысты заңдастыру) бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, бүгін Перизат Қайраттың анасы да
тергеуге алынғаны белгілі болды.
"Наурыздың басында біз тергеу шараларын аяқтаймыз. Оны ресми түрде жариялайтын боламыз. Одан кейін тараптар іс материалдарымен танысады",- деді Елемесов.
Оның айтуынша, қылмыстық істер 100 томнан тұрады. Бұдан бөлек, заттай дәлелдер бар. Заң бойынша іс материалдарымен танысу мерзіміне шектеу қойылмайды. Тараптар барлық материал мен дәлелелмен танысқаннан кейін ғана сот отырысы өтетін күн белгіленеді.