Түркістан облысында бюджет қаражатын жымқырған экологтар сотталды

Судебный молоток, архивное фото
Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 наурыз – Sputnik. Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты "Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Жасыл аймақ" мекемесінің бұрынғы басшысы, оның орынбасары, мекеме заңгері және кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі қалалық сот қарады.
"Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған", - дейді ведомство.
Мекеме басшысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ал орынбасар мен заңгер және кәсіпкер 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу футбол клубының экс-директоры сотталды
32 млн теңге жымқырған: "Жетісу" футбол клубының экс-директоры сотталды