Ресейдегі халықаралық фестивальде Қазақстан фильмі жеңіске жетті

"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. "Шатырдағы екеу" фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік пен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильм "Душа России. Мировое кино" номинациясы бойынша жеңді.
"Дух огня" – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальде 14 елдің жаңа фильмдері көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.
"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды.
"Росконгресс" Қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.
Мәдениет
"Бауырына салу" фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды