https://sputnik.kz/20250311/reseydegi-khalyqaralyq-festivalde-qazaqstan-filmi-zheniske-zhetti-51536311.html
Ресейдегі халықаралық фестивальде Қазақстан фильмі жеңіске жетті
Ресейдегі халықаралық фестивальде Қазақстан фильмі жеңіске жетті
Sputnik Қазақстан
"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі 11.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-11T21:39+0500
2025-03-11T21:39+0500
2025-03-11T21:44+0500
кино
жеңіс
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0a/29209882_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_0bfeb4213da8764e932c85e6908800ff.jpg
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. "Шатырдағы екеу" фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Министрлік пен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильм "Душа России. Мировое кино" номинациясы бойынша жеңді."Дух огня" – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальде 14 елдің жаңа фильмдері көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар."Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды."Росконгресс" Қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.
https://sputnik.kz/20241123/bauyryna-salu-filmi-tagy-bir-khalyqaralyq-marapatqa-ie-boldy-48739948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0a/29209882_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_0ddb838d5cff885d5387e7e0fcff9a9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино, жеңіс
Ресейдегі халықаралық фестивальде Қазақстан фильмі жеңіске жетті
21:39 11.03.2025 (жаңартылды: 21:44 11.03.2025) "Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі
АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. "Шатырдағы екеу" фильмі Ханты-Мансийскіде өткен XXIII Халықаралық дебюттік кинофильмдер фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлады
мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік пен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген фильм "Душа России. Мировое кино" номинациясы бойынша жеңді.
"Дух огня" – дебюттік фильмдерге арналған Ресейдің жетекші фестивальдерінің бірі. Фестиваль – жас режиссерлер үшін маңызды алаң. Биыл фестивальде 14 елдің жаңа фильмдері көрсетілді. Олардың қатарында Малайзия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд, Иран, Үндістан, Сингапур және басқа да елдер бар.
"Шатырдағы екеу" фильмі – режиссер Гүлшат Смағұлованың дебюттік фильмі. Онда адамның өз орнын табуы, махаббат пен мейірім секілді маңызды тақырыптар қозғалады. Туынды кездейсоқ кездесулер адам тағдырына қалай әсер ететінін баяндайды.
"Росконгресс" Қорының жүлдесі фильмде мәдени, тарихи құндылықтар көрсетіліп, олардың мәні толық ашылғаны үшін табысталып отыр.