"Ел аумағының 71 процентінде қар жатыр": су тасқыны қаупі жоғары аймақтар аталды

Здание правительства РК в Астане
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Үкімет отырысында ауа райына байланысты шұғыл мәселе қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы күндері бірқатар аймақта қар толастамай жатыр. Ал ауа температурасы көтеріліп келеді. Алдағы уақытта су тасқыны қаупі күшейеді.
Экология және табиғи ресурстар миристрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, 11 наурыздағы жағдай бойынша ел аумағының 71 процентінде әлі қар жатыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 15 %-ке аз. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр.
"Наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылырақ болады деп болжануда, сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол болады, бұл көктемнің тез келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді", - деді Нысанбаев.
Министрлік қауіптілігі жоғары аймақтарды да анықтады. Олар: Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Қауіптілігі орташа аймақтар: Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.
Қауіптілігі төмен аймақтар: Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.
Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық жедел штабтың жұмысын бастауды тапсырды.
Ауа райы қолайсыздығынан елорда жолдарында 100-ге жуық апат орын алды
Ауа райының қолайсыздығынан Астанада 100-ге жуық жол апаты болды