Жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырылды

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы боран салдарынан жолда қалған жолаушыларға пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып отыр
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз– Sputnik. Астана – Павлодар және Астана – Щучинск бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуы және қолайсыз ауа райына байланысты жолаушылар үшін пойыздарда қосымша орындар қарастырылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

2025 жылдың 10 наурызында жолаушыларды келесі станциялардан отырғызу ұйымдастырылады:

Ерейментау станциясынан (Астанаға дейін):
• №7501 "Павлодар – Астана".

Курорт Бурабай станциясынан (Астанаға дейін):

• №6830 "Көкшетау – Астана";
• №6812 "Курорт Бурабай – Астана".

Ұлттық тасымалдаушы пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайында тасымалды қатаң бақылауда ұстайды. Барша азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және ұзақ қашықтыққа сапарлауды уақытша шектеуге шақырды.
Астана қар құрсауында қалды – қалаға кіретін барлық жол жабылды