Астана қар құрсауында қалды – қалаға кіретін барлық жол жабылды

© Photo : Акимат АстаныБолее 1600 единиц спецтехники вышли днем на уборку снега в Астане 10 марта 2025 года
Более 1600 единиц спецтехники вышли днем на уборку снега в Астане 10 марта 2025 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 10 наурыз– Sputnik. Астанада қар толастамай жауып жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалаға кіретін барлық жол жабылды. Ал коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін таңертеңнен бері Астанада 2600-ге жуық жол қызметкері мен 1645 арнайы техника қар тазалауға шықты. Бұған дейін түнде қаладан 38 524 текше метр қар шығарды. Ол үшін жүк көліктері 2 726 рейс жасады.
© Photo : Акимат АстаныАстана қар құрсауында қалды – қалаға кіретін барлық жол жабылды
Более 1600 единиц спецтехники вышли днем на уборку снега в Астане 10 марта 2025 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.03.2025
Астана қар құрсауында қалды – қалаға кіретін барлық жол жабылды
Осы орайда әкімдік қызметкерлері қаржы күреу тәртібін де түсіндірді. Ережеге сәйкес, ең алдымен жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқа жерде қареу жұмыстары атқарылады.
"Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие", - дейді әкімідік қызметкерлері.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін тіркеу жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ, бейнебақылау камералары бар.
Жаңалықтар
0