Қарағанды облысында боранда қалған 40 адам құтқарылды

Архивное фото автобуса на заснеженной трассе
Рейстік автобус қар үйіндісі салдарынан Осакаровка ауданында тұрып қалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында діттеген жеріне жете алмай боранда қалған жолаушылар құтқарылды, деп хабарлады 112.
Құтқарушылар 40 адамды аман алып шықты. Рейстік автобус қарлы боранда тұрып қалған.
"Бүгін 112 пультіне рейстік автобус жүргізушісі хабарласып, Осакаровка ауданындағы қар үйіндісі салдарынан сапарды жалғастыра алмайтынын хабарлады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Шақыру орнына дереу арнайы техника жіберіліп, 40 жолаушы Осакаровка кентінің теміржол вокзалына жеткізілді.
Құтқарушылар көлігі. Архивтегі фото
Ақтөбеде боранда жоғалып кеткен малшы табылды