Ақтөбеде боранда жоғалып кеткен малшы табылды

© Photo : КЧС МВД РКҚұтқарушылар көлігі. Архивтегі фото
Құтқарушылар көлігі. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Жазылу
Оған медициналық көмек қажет болмады
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбеде құтқарушылар боранда жоғалып кеткен адамды тапты, деп хабарлады ТЖМ.
1959 жылы туған ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал жаюға кетіп, байланысқа шықпай қалған.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының Құршысай тұрғын алабынан 8 шақырым жерден адасып кеткен адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезде елді мекеннен шығу өмірге қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.
Аягөз қаласының тұрғыны 9 жастағы Мерей Иманғали  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2024
"Атыммен бірге ұйықтадым": Аягөзде боранда қалған бала оқиғаның қалай болғанын айтты
Жаңалықтар
0