Ауа райының қолайсыздығынан Астанада 100-ге жуық жол апаты болды

Астана қаласынан шығатын барлық жол жабылды
Sputnik
АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Таңертеңнен бері елордада жүзге жуық жол апаты тіркелген. Астана қалалық полиция департаменті қарлы боранның салдарынан жолдың көрінбеуіне байланысты тұрғындарды абай болуға шақырады.

Жеке көлікпен саяхаттау кезінде ауа райының нашарлауы және қозғалыс шектеулері туралы хабарламаларды ескеру қажет. Кенеттен маневр жасаудан аулақ болу керек, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау керек, - дейді Астана қалалық полиция департаменті.

Астана қаласынан шығатын барлық жол жабылды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала сыртына шықпауы сұралады.
"Сондай-ақ көшелердегі қарды тазалауға атсалысқан коммуналдық қызметтердің жұмысына кедергі келтірмей, тұрғындардан көліктерін жол жиегінде қалдырмауын сұрайды", - полиция департаменті.
Астана қар құрсауында қалды – қалаға кіретін барлық жол жабылды