АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Пойыздарда 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге гүл мен сыйлық табысталды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ.
"Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның барлық бағытындағы жолаушылар пойызында мерекелік акция ұйымдастырылып, мыңдаған әйел жолаушыға гүл мен естелік сыйлық табыс етілді", - деп жазлған хабарламада.
Елдің әр өңірінде таңертеңнен бастап жолсеріктер жолаушы аруларды жылы ықыласпен қарсы алып, мерекелік сый-сияпат жасады. Күтпеген тосынсый алған жолаушылар шынайы қуанышын білдіріп, жолсеріктерге алғысын жеткізді.
Сонымен қатар кейбір пойыздар мерекеге сай безендіріліп, жолаушыларға ерекше көктемгі көңіл-күй сыйлады.