АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Пойыздарда 8 наурыз мерекесіне орай әйелдерге гүл мен сыйлық табысталды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ.Елдің әр өңірінде таңертеңнен бастап жолсеріктер жолаушы аруларды жылы ықыласпен қарсы алып, мерекелік сый-сияпат жасады. Күтпеген тосынсый алған жолаушылар шынайы қуанышын білдіріп, жолсеріктерге алғысын жеткізді.Сонымен қатар кейбір пойыздар мерекеге сай безендіріліп, жолаушыларға ерекше көктемгі көңіл-күй сыйлады.
"Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның барлық бағытындағы жолаушылар пойызында мерекелік акция ұйымдастырылып, мыңдаған әйел жолаушыға гүл мен естелік сыйлық табыс етілді", - деп жазлған хабарламада.
Елдің әр өңірінде таңертеңнен бастап жолсеріктер жолаушы аруларды жылы ықыласпен қарсы алып, мерекелік сый-сияпат жасады. Күтпеген тосынсый алған жолаушылар шынайы қуанышын білдіріп, жолсеріктерге алғысын жеткізді.