Ұлттық қордан қазақстандықтарға 8 миллион доллар төленді

Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз - Sputnik. "БЖЗҚ" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына 8 млн аса АҚШ долларын аударды.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" 8 миллионнан аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады.
"Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 4,65 млн астам АҚШ долларына 43 781 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 3,35 млн АҚШ долларына 31 548 өтініш орындалды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында қала береді.
Балалар ұлттық қордан аударылған ақшаны қайда жұмсады