https://sputnik.kz/20250210/balalar-ulttyq-qordan-audarylgan-aqshany-qayda-zhumsady-50730443.html
Балалар ұлттық қордан аударылған ақшаны қайда жұмсады
Балалар ұлттық қордан аударылған ақшаны қайда жұмсады
Sputnik Қазақстан
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш жазғандардың көбісі тұрғын үй депозитін толықтырды 10.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-10T12:20+0500
2025-02-10T12:20+0500
2025-02-10T12:21+0500
ұлттық қор
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_76cd5c7a838bc868c646b75e97de5f64.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор-балаларға" жобасы аясында аударылған қаржының қалай жұмсалғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы балаларға жалпы 6,3 миллион доллар аударылды. 18 жасқа толған балалардың көбісі оны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жұмсауды жөн көрді.Тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш жазғандардың көбісі тұрғын үй депозитін толықтырды. Бұдан бөлек, алғашқа жарнаға пайдаланғандар да бар. Ал ақшаны білімге алғандардың басым бөлігі Қазақстандағы оқуға төлем жасады."Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны 6 921 035 бала болды. Олардың ішінде 324 430 бала 2025 жылы 18 жасқа келеді.Айта кетері, былтыр бағдарлама аясында әрбір баланың есепшотына шамамен 100 доллар аударылған болатын. Ал биыл аударылған сома 129 долларды құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948633_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_801f2bb0c11c5a46556c3dca863651be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар
Балалар ұлттық қордан аударылған ақшаны қайда жұмсады
12:20 10.02.2025 (жаңартылды: 12:21 10.02.2025) Тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш жазғандардың көбісі тұрғын үй депозитін толықтырды
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор-балаларға" жобасы аясында аударылған қаржының қалай жұмсалғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы балаларға жалпы 6,3 миллион доллар аударылды. 18 жасқа толған балалардың көбісі оны тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жұмсауды жөн көрді.
тұрғын үй жағдайын жақсартуға 3,63 млн долларға 36 119 өтініш орындалды;
білім ақысын төлеуге 2,67 млн долларға 26 578 өтініш орындалды.
Тұрғын үй жағдайын жақсартуға өтініш жазғандардың көбісі тұрғын үй депозитін толықтырды. Бұдан бөлек, алғашқа жарнаға пайдаланғандар да бар. Ал ақшаны білімге алғандардың басым бөлігі Қазақстандағы оқуға төлем жасады.
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны 6 921 035 бала болды. Олардың ішінде 324 430 бала 2025 жылы 18 жасқа келеді.
Айта кетері, былтыр бағдарлама аясында әрбір баланың есепшотына шамамен 100 доллар аударылған болатын. Ал биыл аударылған сома 129 долларды құрады.