Түркістан облысында алаяқ тұрғындарды 92 млн теңгеге алдаған

Ол Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс визасын жасап беремін деп ақша жинаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында елді 92 миллион теңгеге алдаған адам сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні алдаған.
"Ол Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмысқа бару үшін виза жасап беремін деп алдау арқылы 92 020 000 теңге алған", - дейді ведомство.
Қылмыскер 6 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ 23 жәбірленушінің азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Орал тұрғыны туған бауырларын сан соқтырды – алаяқ ұсталды