Қызылордалық тұрғындар 120-дан астам киікті атты деген күдікке ілінді

Күдіктілер қамауға алынды
Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қызылордалық үш азамат 120-дан астам киікті заңсыз атқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер күдікке ілінген көлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның ішінен 39 киіктің өлексесін анықтаған. Сонымен қатар үйді тінту кезінде тағы да 84 киіктің өлексесін, 14 бас пен 6 жануардың терісін тәркілеген.
Қазіргі кезде үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қызылорда облысында бір ауылдан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді