Базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін – Сүлейменов

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, инфляция өскен сайын базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді
Sputnik
АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме әлі де көтерілуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихатында журналист Сүлейменовтен "Инфляция болжамы өсіп тұрғанын айттыңыз. Соны ескерсек, базалық мөлшерлеме тағы да көтерілуі мүмкін бе" деп сұрады.
"Мүмкін. Өкінішке орай, базалық мөлшерлемеге инфляцияға байланысты. Сондықтан инфляция өскен сайын бізге де базалық мөлшерлемені көтеруге тура келеді. Оны түсіну керек. Сондықтан бүгін біз қабылдаған шешім сондай тенденцияның алдын алу мүмкіндігін арттырады. Келешекте базалық мөлшерлемені күрт өсірмеу үшін қазір көтеру керек деп шештік, — деді ол.
Айта кетері, бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5%-ға көтерген болатын.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды