Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде қалдыруға шешім қабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Банк осы шешімнің себебін де түсіндірді. Былтыр желтоқсан айында Қазақстанда инфляция 8,6%-ға дейін үдей түсті. Алайда болжанған 8-9% диапазон шегінде қалыптасты.
"Қызметтер бағасының жоғары өсуі және тамыздан бастап байқалып отырған азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясының жеделдеуі оның динамикасына көптеп үлес қосты. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру мен теңгенің әлсіреуі аясында инфляция күш алып тұр", - дейді банкирлер.
Сыртқы факторлардың әсері де бар. Атап айтқанда, әлемдік азық-түлік бағалары жоғары. Оған қоса, көрші Ресейде инфляция күшейді.
Ұлттық банктің мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 7 наурызда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Айта кететі, бұған дейін банк 2025 жылда базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер жарияланатын күндерді белгілеген болатын.
Олар:
17 қаңтар
7 наурыз
11 сәуір
5 маусым
11 шілде
29 тамыз
10 қазан
28 қараша
Мобильный телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2024
Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Жаңалықтар
0