300-ге жуық қазақстандық өндіруші Еуразия өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енді

Бес жыл ішінде тізімге 17 қазақстандық өндірушінің 2955 тауары енгізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 наурыз – Sputnik. Мемлекеттік сатып алуларға арналған Еуразия өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 298 жаңа тауар енгізілді, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
298 тауардың ішінде машина жасау саласындағы екі қазақстандық өндіруші – "Степногор мойынтірек зауыты" АҚ және "Оралагрореммаш" АҚ бар.
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі 2020 жылы құрылған болатын. Маңызы сол – өндірушілер Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына кедергісіз қол жеткізеді.
Бес жыл ішінде "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қолдауымен тізімге 17 қазақстандық өндірушінің 2955 тауары енгізілді.
Тізімге ену үшін өнім өндірістік және технологиялық талаптарға сай болу керек.
Былтыр Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 500 млн доллардан асты