"Қазақмыс" сирек кездесетін металдар елден экспортталады деген ақпаратты жоққа шығарды

Тау-кен холдингі өндірілетін және экспортталатын шикізаттың құрамы қатаң бақылауда екенін мәлімдеді
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. "Қазақмыс" корпорациясы сирек кездесетін металдар елден экспортталып жатыр деген мәлімдемеге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сирек кездесетін металдардың құрамын жасыру, сондай-ақ экспортталатын шикізат құнын жасанды түрде төмендету туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды", - деп атап өтті корпорация.
Олардың айтуынша, корпорация сирек кездесетін металдарды мақсатты түрде өндірумен айналыспайды, ал оның қызметі ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.
Тау-кен холдингі өндірілетін және экспортталатын шикізаттың құрамы қатаң бақылауда екенін баса айтты.
Еске сала кетейік, кеше Мәжіліс отырысында "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев ірі жер қойнауын пайдаланушылар кенді экспорттау кезінде оның құрамындағы сирек кездесетін металдарды жасырып, шикізатты талдаусыз экспорттайтынын айтқан болатын.
Ұлытаудағы кеншілер қазасы: "Қазақмыс" тау жынысының опырылғанын жоққа шығарды