Мароккоға визасыз режим ашылатын күн белгілі болды

Енді саяхаттар бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы болады
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Марокконың Қазақстандағы елшілігі екі мемлекет арасындағы визасыз режимнің ашылатын уақытын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Қазақстан мен Марокко тиісті келісімді рәсімдеді.
"2025 жылдың 19 наурызынан бастап визасыз режим күшіне енетінін хабарлаймыз! Енді саяхаттар бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы болады", - делінген елшіліктің ресми парақшасында.
Айта кетері, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко Корольдігіне екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы ресми сапармен барды.
Қазақстан Таиландпен визасыз келісімге қол қойды