АСТАНА, 6 наурыз — Sputnik. Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20% төмендетілуі мүмкін.
Ипотеканың қолжетімділігін арттыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Ұлттық банк тиісті қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
26 наурызға дейін пікірлер назарға алынады. Қаулы ресми жарияланған күнінен он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еске сала кетейік, 17 наурызда "Наурыз жұмыскер" деп аталатын ипотекалық бағдарлама өз жұмысын бастайды. Ипотекаға қатысу үшін жұмыс орны туралы анықтаманы ұсыну қажет. Банк мамандары БСН мен ұйымның саласын тексереді. Бағдарлама тау-кен, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмысшыларға арналған. Тек жұмысшы мамандықтар ғана қатыса алады. Кәсіпорындағы кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.