Абай облысында кәсіпорындар бюджеттің 160 млн теңгесін негізсіз жұмсамақ болған

Үнемделген қаражат кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік төлеміне жұмсалады
Sputnik
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Абай облысының прокуратурасы табиғи монополия субъектілері 160 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болғанын анықтады.
Жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға жоғары бағамен көмір сатып алуға құжат дайындаған.
"Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін сатып алу тоқтатылып, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар көмір өндірушімен тікелей шарт жасасты. Осылайша 160 млн теңгеден астам қаржы үнемделді", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қаражат кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік төлеміне жұмсалады.
Ақтөбе облысында спорт мектептерінің директорлары бюджет қаражатын ойынға тіккен