АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады спорт комитеті.
Festival International des Jeux 2025 турнирінде 20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болды.