https://sputnik.kz/20240904/shygys-ekonomikalyq-forumynda-shakhmattan-shef-kubogy-bastaldy-46785914.html
Шығыс экономикалық форумында шахматтан ШЭФ кубогы басталды
Шығыс экономикалық форумында шахматтан ШЭФ кубогы басталды
Sputnik Қазақстан
Сыйлық қоры 33,8 мың доллар жүлдеге 12 елдің өкілдері таласады 04.09.2024, Sputnik Қазақстан
2024-09-04T09:41+0500
2024-09-04T09:41+0500
2024-09-04T09:42+0500
шахмат
https://sputnik.kz/img/07e8/09/04/46782298_0:279:3072:2007_1920x0_80_0_0_02b048e51a93b5e1ecd259d70c515260.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форумында ШЭФ шахмат кубогы басталды."Ең үздік" деген атақ пен 3 миллион рубль (шамамен 16 млн 410 мың теңге) жүлде қоры үшін 12 елдің өкілдері бақ сынап жатыр. Бұл Қазақстан, Ресей, БАӘ, Иран, Беларусь, Моңғолия, Вьетнам, Қытай, Үндістан, Бразилия және Қырғызстанның гроссмейстерлері.Шетелдік шахматшылар арасынан қытайлық гроссмейстер Ма Куинді, Үндістанның ең мықты гроссмейстерлерінің бірі Пураника Абхиманья мен Бразилияның жеті дүркін чемпионы Джованни Весковиді ерекше атауға болады. Турнирде барлығы 32 спортшы бар.Турнирдің ашылуына Қиыр Шығыс және Арктика елдерін дамыту министрінің орынбасары Эльвира Нұрғалиева қатысты."Ең ірі экономикалық форумда шахмат турнирін ұйымдастыру идеясы экономика мен адам капиталын дамыту үшін интеллектуалдық спорттың маңыздылығын дәл көрсетеді", - деді Эльвира Нұрғалиева.Турнирге Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам әл-Тахер келеді деп жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, Шығыс экономикалық форумы 3-6 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. ШЭФ-ті Ресей конгресі ұйымдастырып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/04/46782298_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_84160483280c626e88f69485305f8e75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат
Шығыс экономикалық форумында шахматтан ШЭФ кубогы басталды
09:41 04.09.2024 (жаңартылды: 09:42 04.09.2024) Сыйлық қоры 33,8 мың доллар жүлдеге 12 елдің өкілдері таласады
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Шығыс экономикалық форумында ШЭФ шахмат кубогы басталды.
"Ең үздік" деген атақ пен 3 миллион рубль (шамамен 16 млн 410 мың теңге) жүлде қоры үшін 12 елдің өкілдері бақ сынап жатыр. Бұл Қазақстан, Ресей, БАӘ, Иран, Беларусь, Моңғолия, Вьетнам, Қытай, Үндістан, Бразилия және Қырғызстанның гроссмейстерлері.
Шетелдік шахматшылар арасынан қытайлық гроссмейстер Ма Куинді, Үндістанның ең мықты гроссмейстерлерінің бірі Пураника Абхиманья мен Бразилияның жеті дүркін чемпионы Джованни Весковиді ерекше атауға болады. Турнирде барлығы 32 спортшы бар.
Турнирдің ашылуына Қиыр Шығыс және Арктика елдерін дамыту министрінің орынбасары Эльвира Нұрғалиева қатысты.
"Ең ірі экономикалық форумда шахмат турнирін ұйымдастыру идеясы экономика мен адам капиталын дамыту үшін интеллектуалдық спорттың маңыздылығын дәл көрсетеді", - деді Эльвира Нұрғалиева.
Турнирге Азия шахмат федерациясының бас хатшысы Хишам әл-Тахер келеді деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Шығыс экономикалық форумы 3-6 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында өтіп жатыр. ШЭФ-ті Ресей конгресі ұйымдастырып отыр.