АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық вокзалды жөндеу жүргізуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында көлік министрі Марат Қарабаев осы уақытқа дейін тек 5 вокзалды реконструкциялау жұмыстары жүргізілгенін айтты.
"Осы жылы туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары басталады. Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан қамтамасыз етілуі қажет", - деді Қарабаев.
Ал премьер-министр осы мәселені биылдан қалдырмай шешуді тапсырды.
"Вокзалдар бойынша мен өзіңізге тапсырма берген болатынмын. Ол өте маңызды, еліміздің имиджіне, беделіне әсер ететін мәселе, сондықтан оны биыл аяқтау қажет. Тиісті қаржыландыру болады", - деді Олжас Бектенов.