Көкшетауда екі ер адам медициналық мекемедегі жылу жүйесінің жабдығын ұрлап әкеткен

Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит жұмылдырылды
Sputnik
Көкшетауда полицейлер медицинаалық мекемеден жылыту жабдығын ұрлаудың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"1 наурыз күні Көкшетау полициясына қаладағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан жылу жүйесі жабдықтарының ұрланғаны туралы арыз түсті. Белгісіз тұлғалар жылу торабының аумағына кіріп, үш сорғы, ысырма және металл тұғырларды ұрлағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, бірқатар алғашқы жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит пен департаменттің кинологиялық орталығының маманы жұмылдырылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екені тексеріліп жатқан тұлғалар анықталды. Біреуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазір екі ер адамнан жауап алынып жатыр. Ұрланған құрал-жабдықтар айғақ зат ретінде алынды.
Қылмыстық тергеу жалғасуда.
Алюминий зауытынан металл ұрлағандар ұсталды