https://sputnik.kz/20250304/kokshetauda-eki-er-adam-meditsinalyq-mekemedegi-zhylu-zhuyesinin-zhabdygyn-urlap-aketken-51336966.html
Көкшетауда екі ер адам медициналық мекемедегі жылу жүйесінің жабдығын ұрлап әкеткен
Көкшетауда екі ер адам медициналық мекемедегі жылу жүйесінің жабдығын ұрлап әкеткен
Sputnik Қазақстан
Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит жұмылдырылды 04.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-04T13:37+0500
2025-03-04T13:37+0500
2025-03-04T13:52+0500
полиция
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_b637d105d587c1dcdbf4609b34212ed0.jpg
Көкшетауда полицейлер медицинаалық мекемеден жылыту жабдығын ұрлаудың бетін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицейлер ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, бірқатар алғашқы жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит пен департаменттің кинологиялық орталығының маманы жұмылдырылды.Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екені тексеріліп жатқан тұлғалар анықталды. Біреуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазір екі ер адамнан жауап алынып жатыр. Ұрланған құрал-жабдықтар айғақ зат ретінде алынды. Қылмыстық тергеу жалғасуда.
https://sputnik.kz/20250303/alyuminiy-zauytynan-metall-urlagandar-ustaldy-51296058.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/0a/32817753_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_41d15574a9aef2246cfcf405deb223cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, ұрлық
Көкшетауда екі ер адам медициналық мекемедегі жылу жүйесінің жабдығын ұрлап әкеткен
13:37 04.03.2025 (жаңартылды: 13:52 04.03.2025) Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит жұмылдырылды
Көкшетауда полицейлер медицинаалық мекемеден жылыту жабдығын ұрлаудың бетін ашты, деп хабарлайды
Polisia.kz.
"1 наурыз күні Көкшетау полициясына қаладағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан жылу жүйесі жабдықтарының ұрланғаны туралы арыз түсті. Белгісіз тұлғалар жылу торабының аумағына кіріп, үш сорғы, ысырма және металл тұғырларды ұрлағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, бірқатар алғашқы жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Оқиға орнын тексеру және қылмыскерлердің ықтимал іздерін анықтау барысында қызметтік ит пен департаменттің кинологиялық орталығының маманы жұмылдырылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Жедел басқару орталығы камераларының көмегімен қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар екені тексеріліп жатқан тұлғалар анықталды. Біреуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазір екі ер адамнан жауап алынып жатыр. Ұрланған құрал-жабдықтар айғақ зат ретінде алынды.
Қылмыстық тергеу жалғасуда.