Биыл 13 мың шақырым жол жөнделеді

Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз - Sputnik. 2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылыпты. Ал қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқыланып жатыр.
Тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға басымдық бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, "Қарағанды – Жезқазған" жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өскен, - дейді көлік министрі.
Құрылыс жұмыстары "Жезқазған – Қарағанды", "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Атырау – Доссор" сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдарда жүргізіледі. Бұл жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Солтүстік-Оңтүстік дәлізі: Қазақстан мен Ресей жүк тасымалы үшін жаңа жолдар салып жатыр