Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты

Жол апатынан екі адам зардап шекті
Sputnik
АСТАНА, 4 наурыз– Sputnik. Астанада тағы бір жолаушылар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, автобус Ұлы Дала даңғылының бойында жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Екі жолаушы жарақат алды. Оларды қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізген.
Айта кетері, Астанада 21 ақпанда жолаушылар автобусы бағанамен соқтығысқан болатын. Сол кезде ауруханаға 15 адам түскен еді.
Астанада автобус апатынан жарақат алған 4 адамға ота жасалды