Астанада автобус апатынан жарақат алған 4 адамға ота жасалды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 ақпан – Sputnik. Астанада автобус апатынан жарақат алған 4 адамға ота жасалды. Бұл турал Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Жалпы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 15 адам түскен.
"Тексеру нәтижесінде 8 адам дәрігерлердің ұсынысымен амбулаториялық емделуге жіберілді. 7 науқас ауруханаға жатқызылды, олардың төртеуіне ота жасалды", - деп хабарлады ведомство.
Барлығы тұрақты медициналық бақылауда, қажетті ем толық көлемде қабылданады.
Еске сала кетейік, 21 ақпанда жолаушылар автобусы бағанамен соқтығысқан болатын.
Жаңалықтар
0