Семейде астық қоймасы отқа оранды: өртті сөндіруге пойыз пайдаланылды

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз — Sputnik. Семейде астық қоймасында ірі өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Өрт оқшауланды. Астық өңдеуші компанияның аумағындағы күнбағыс тұқымы бар қойманың шатыры жанған. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
Семейде астық қоймасы отқа оранды
Өртті сөндіруге 23 техника және жеке құрамнан 65 адам жұмылдырылды. Сонымен қатар өрт сөндіруге пойыз жұмылдырылды. Жұмыстар жалғасуда.
FlyArystan ұшағынан өрт шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды