Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтататынын мәлімдеді

Күні кеше Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөз дау-дамайға ұласқан еді
Sputnik
АСТАНА, 1 наурыз– Sputnik. АҚШ Украинаға әскери көмек беруді тоқтатады. Бұл туралы Америка президентінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Fox News арнасына берген сұхбатында Левитт АҚШ-тың негізгі басымдығын тағы бір мәрте еске салды. Ол – бейбіт келіссөздер. Ал Украина президенті өз ұстанымынан қайтпай отыр.
"Трамптың әкімшілігі Украинадағы қақтығысты қаржыландыруды тоқтатады. Себебі негізгі басымдық – бейбіт келіссөздер. Бұдан былай біз нағыз әрі мықты бейбітшілік болмаса, алыста жатқан елдегі соғысқа чек жазып беруді доғарамыз", - деді Левитт.
Айта кетері, 28 ақпанда Зеленский мен Трамп Ақ үйде кездескен болатын. Сирек кездесетін металдар бойынша келісімге қол қойылады деген жоспар да болды. Алайда Зеленский алдымен АҚШ вице-президенті Джей Ди Венспен дауласып қалды, одан кейін Трамппен пікір таласты. Осыдан кейін Зеленский Ақ үйден уақытын бұрын кетіп қалды
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп пен Зеленскийдің Ақ үйдегі текетіресі – әлемдік БАҚ не дейді