АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жұмысшы мамандықтар үшін ипотека іске қосылады.
Бұл туралы сенатта "Отбасы банк" басшысы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.
17 наурызда "Наурыз жұмыскер" деп аталатын ипотекалық бағдарлама өз жұмысын бастайды. Қабылдау нақты уақыт режимінде болады.
"Яғни, филиалға бірінші келген адам пәтер таңдап, несие алуға мүмкіндік алады", - деді Ибрагимова.
Ипотекаға қатысу үшін жұмыс орны туралы анықтаманы ұсыну қажет. Банк мамандары БСН мен ұйымның саласын тексереді. Бағдарлама тау-кен, энергетика, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмысшыларға арналған. Тек жұмысшы мамандықтар ғана қатыса алады. Кәсіпорындағы кеңсе қызметкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.