Жеңістің 80 жылдығы

Ресейдің бас консулы Таразда Ұлы Отан соғысы батырларын еске алды

Сондай-ақ Дмитрий Тураев Жамбыл қаласының ауруханаларында жарақаттан қаза тапқандардың жерлеуінің жай-күйімен танысты
Sputnik
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ресейдің Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураев Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл ауруханаларында алған жарақатынан қаза тапқан Кеңес Армиясы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсіміне қатысты.
Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресейдің бас консулы Таразда Ұлы Отан соғысы батырларын еске алды
Салтанатты шараға "Русская община Ражонеж" қоғамдық ұйымының жетекшілері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы ресейлік жастары мен басқа да ұйымдарының өкілдері қатысты.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараларға дайындық аясында Тараз қаласында орналасқан әскери зираттардың, оларға орнатылған мемориалдық белгілердің және басқа да ескерткіштердің жай-күйіне тексеру жүргізілді.
Жеңістің 80 жылдығы
Әскери музыканттар Жеңіс күніне арнап концерт қойды