Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаға әскери көмек көрсетуге Еуропа жауапты болады – Трамп

Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп болашақта Украинаға әскери көмек көрсетуге Еуропа жауапты болуға тиіс деп мәлімдеді.
"Бұл ретте Еуропа елеулі дәрежеде жауапкершілік алады деп ойлаймын. Еуропа елдері жауапты болады", - деп жауап берді ол Киевке болашақта қару-жарақ жеткізу туралы сұраққа.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Киев төлеуі тиіс өтемақы көлемін атады