Трамп Киев төлеуі тиіс өтемақы көлемін атады
© AP Photo / Alex BrandonДональд Трамп

© AP Photo / Alex Brandon
Жазылу
Америка басшысы Украина дағдарысын шешуге үміттенетінін айтты
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа 400-500 миллиард доллар өтемақы төлеу жөніндегі міндеттемелер бойынша Киевпен тез арада келісімге келеміз деп күтетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Менің ойымша, біз бұған өте жақынбыз. Менің ойымша, олар мұны қалайды. Оларға бұл ұнайды. Бұл үлкен мәселе. Біз қысқа мерзімде 400-500 миллиардтың бізге қайтарылуын қамтамасыз ететін келісімдерге қол қоямыз деп үміттенемін", - деді ол.
Америка басшысы Украина дағдарысын шешуге үміттенетінін айтты.
"Біз қазынамызды жұмсадық, олар қан төгіп жатыр, бірақ біз қазынаны өте алыстағы елге жұмсап жатырмыз. Біз ақшамызды қайтармадық, енді мұндайды қаламаймыз. Мен Ресейдің мәміле жасағысы келетініне көз жеткізуім керек еді. Менің ойымша, біз мұны істей аламыз", - деді АҚШ президенті.