20 млн теңгеге жуық қарызы бар: астаналықтың көлігі айып тұрағына қойылды

Ақылы тұрақтағы белгілер
Көлікке жеке сот орындаушылары тарапынан тыйым салынғаны анықталды
Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Астанада 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарайшық көшесінде полиция қызметкерлері 34 жастағы жүргізуші тізгіндеген TANK автокөлігін тоқтатты. "Қорғау" деректер базасын тексеру барысында азаматтың 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар екені және көлік құралына жеке сот орындаушылары тарапынан тыйым салынғаны анықталды.
Заңнамаға сәйкес, автокөлік ұсталып, коммуналдық тұраққа қойылды.

"Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жалғастырамыз және азаматтарды осындай жағдайларға тап болмау үшін қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз", – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жалғастырады.
Туман накрыл южную столицу
Жол ережесін 200 рет бұзған: Ақтөбеде екі джипке 7,2 млн теңге айыппұл салынды