АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Олжас Бектенов Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен энергетика, мұнай, газ және инфрақұрылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тараптар болашағы зор жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екендерін білдірді.
"Атап айтқанда, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші және 4-ші блоктарын жаңғырту және ынтымақтастықтың басқа да маңызды бағыттары талқыланды", - деп жазылған хабарламада.