https://sputnik.kz/20250214/bektenov-soltustik-qazaqstandagy-zheo-ny-zhangyrtu-zhumystarymen-tanysty-50852965.html
Бектенов Солтүстік Қазақстандағы ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстарымен танысты
Бектенов Солтүстік Қазақстандағы ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстарымен танысты
Sputnik Қазақстан
№3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда 14.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-14T09:08+0500
2025-02-14T09:08+0500
2025-02-14T09:08+0500
солтүстік қазақстан облысы
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50852127_0:0:1080:608_1920x0_80_0_0_8adf80d12e6d3534932476968e7e6681.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл ЖЭО-2-ге ерекше назар аударылды. "СевКазЭнерго" АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын баяндады. 2024 жылы ЖЭО-2-де №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, ЖЭО-2 көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/0e/50852127_135:0:946:608_1920x0_80_0_0_2575af2b4cc8d7813593728f2889160b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
солтүстік қазақстан облысы, жылу электр орталығы
солтүстік қазақстан облысы, жылу электр орталығы
Бектенов Солтүстік Қазақстандағы ЖЭО-ны жаңғырту жұмыстарымен танысты
№3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады
үкіметтің баспасөз қызметі.
Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл ЖЭО-2-ге ерекше назар аударылды. "СевКазЭнерго" АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын баяндады. 2024 жылы ЖЭО-2-де №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.
Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, ЖЭО-2 көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
"Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда. Сонымен қатар жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді", — деде премьер-министр.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.