Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды

Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды
Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде "Әулиекөл-Жалдама" автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді.
Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде "Сарыкөл-Комсомольское" автожолында ТЖМ күштері қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.
Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ.
Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды