"Әлеуметтік желіге жариялаймын": кәсіпкерді бопсалаған блогер ұсталды

Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан - Sputnik. Қостанай облысы Қарабалық ауданында бопсалаушы блогер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Блогер әлеуметтік желілерде материалды жариялаймын деп қорқытып, кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша қаражатын бопсалаған.
"Блогерді Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді", - дейді ведомстводағылар.
Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұлт араздығын тудырды деген күдікке ілінген блогер 2 айға қамауға алынды