Ұлт араздығын тудырды деген күдікке ілінген блогер 2 айға қамауға алынды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Алматының тергеу соты әлеуметтік желіде фейк жаңалықтар жариялайтын qaznews24 парақшасының авторын екі айға қамауға алуға санкция берді.
Темірлан Еңсебекке қатысты іс ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша тергеліп жатыр.
Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаеваның айтуынша блогер желіде әлдебір әнді жариялағаны үшін ұсталған. Ол орыстардың намысына тиетін "Йоу, орыстар" әні болуы мүмкін.
Балғабаева қорғауындағы азаматтың әрекетінде ешқандай заңбұзушылық байқалмайтынын, себебі бұл әнді ол шығармағанын, бұл оның сөзі емес екенін мәлімдеді.
Еңсебек өзінің паблигін "сатиралық жаңалықтар агенттігі" деп атайды, бірақ ол жаңалықтардың ойдан шығарылғанын жазбайды, сондықтан жиі жанжал тудырып, жазылушылар тарапынан агрессия тудырады.
Егер ол араздық тудырғаны үшін кінәлі деп танылса, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы немесе ірі көлемдегі айыппұл төлеуі мүмкін.
Бұған дейін блогер Мария Кочнева дәл осы әнді орындағаны үшін жазаға тартылып, 10 күнге қамауға алынған.
Жаңалықтар
0