АЛМАТЫ, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда 31 инвесторға салық негізсіз салынған, деп хабарлады қалалық прокуратурасы.
Бұл инвесторлар 188,1 млрд теңгенің жобасын іске асырып, 4,5 мың жұмыс орнын ашқан.
"Оларға жер телімін пайдаланғаны үшін 103 млн теңге салық негізсіз салынған. Мемлекеттік кіріс органдары салық кодексінің талаптарын және инвесторлардың индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 % азаяды", - дейді ведомство.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға негізсіз төлеген ақшасы қайтарылды.