Жеңістің 80 жылдығы

Жеңіске – 80 жыл: 32 мың спортшы байрақты бәсекелерде бақ сынайды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда 32 мың спортшы бақ сынасады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Тарихи шарада үш бірдей халықаралық жарыс өтеді.
"22 республикалық жарыс ұйымдастырылады. Әр облыста 83 облыстық жарыс өтеді", - дейді ведомство.
Сондай-ақ 49 қалалық, 46 аудандық жарыста спортшылар бақ сынайды. Жалпы барлығы 32 мыңнан астам спортшы қамтылады.
Айта кетері, Жеңістің 80жылдығына орай жаңа медаль дайындалады.
Жеңістің 80 жылдығы
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алтауы Астанада тұрады