https://sputnik.kz/20250206/uly-otan-sogysy-ardagerlerinin-altauy-astanada-turady--50611198.html
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алтауы Астанада тұрады
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алтауы Астанада тұрады
Sputnik Қазақстан
2024 жылы Жеңіс күнін жеті ардагер қарсы алған болатын 06.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-06T18:09+0500
2025-02-06T18:09+0500
2025-02-06T18:09+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы ардагері
ұлы отан соғысы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50614545_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_5c7099104aebfe11a2644dccdb34e9e7.png
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астанада алты соғыс ардагері ғана қалды. 101 жастағы Ырзағұл Байкешев Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы.Ардагер Тверь облысында соғысып, Рыжов және Великие Луки қалалары үшін шайқасты. Ефрейтор Польша, Румыния және Венгрияны азат етуге қатысқан.Майдангер Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.Екатерина Плужникова 100 жаста. Ол Тамбов облысы, Мичуринск қаласында дүниеге келген. Майдангер Курск доғасындағы шайқасқа, сондай-ақ Днепр үшін шайқасқа, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Австриядағы ұрыстарға қатысты.Соғыс ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Сондай-ақ "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарын алған.Жақан Сейсебаев 99 жасқа толды. Ол 1925 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сәмен ауылында дүниеге келген. Майдангер Кёнигсберг түбіндегі шайқасқа қатысып, оны жаулап алғандар қатарында болған. Кейін Жапониямен соғысқа жіберілді. Соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін" медальдарымен және көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.Қайыр Хасенов 99 жаста. Ол 1925 жылы 9 қарашада Павлодар облысы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Ол Украинаны азат етуге қатысқан. Житомир үшін шайқаста, Забайкалье майданында және Маньчжуриядағы ұрыстарда болған. Қайыр Хасенов II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Украина президенті медальдарымен, маршал Жуков және "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.Владимир Дровосеков 98 жаста. Солтүстік Қазақстан облысы Молотов ауданы Балкашино селосында дүниеге келген. Ол үшінші Белоруссия майданында ұрыста болған. Майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен және көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.Василий Сердюков 98 жаста. Ол - Ақмола облысы Алексеев ауданы Богдановка ауылының тумасы. Майдангер Минскіні, Белоруссияның көптеген ауылдары мен қалаларын азат етуге, Варшава, Познань үшін шайқастарға қатысқан.Ол майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше бір жыл бұрын елордада жеті ардагер Жеңіс күнін тойлаған.Жалпы соғысқа 1,2 миллионнан астам қазақстандық қатысты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/06/50614545_175:0:1135:720_1920x0_80_0_0_8f92041f94cfffeb743729a76f02b339.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы ардагері, ұлы отан соғысы, инфографика
ұлы отан соғысы ардагері, ұлы отан соғысы, инфографика
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің алтауы Астанада тұрады
2024 жылы Жеңіс күнін жеті ардагер қарсы алған болатын
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Астанада алты соғыс ардагері ғана қалды.
101 жастағы Ырзағұл Байкешев Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы.
Ардагер Тверь облысында соғысып, Рыжов және Великие Луки қалалары үшін шайқасты. Ефрейтор Польша, Румыния және Венгрияны азат етуге қатысқан.
Майдангер Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.
Екатерина Плужникова 100 жаста. Ол Тамбов облысы, Мичуринск қаласында дүниеге келген. Майдангер Курск доғасындағы шайқасқа, сондай-ақ Днепр үшін шайқасқа, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Австриядағы ұрыстарға қатысты.
Соғыс ардагері II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Сондай-ақ "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарын алған.
Жақан Сейсебаев 99 жасқа толды. Ол 1925 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сәмен ауылында дүниеге келген. Майдангер Кёнигсберг түбіндегі шайқасқа қатысып, оны жаулап алғандар қатарында болған. Кейін Жапониямен соғысқа жіберілді.
Соғыстағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін" медальдарымен және көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.
Қайыр Хасенов 99 жаста. Ол 1925 жылы 9 қарашада Павлодар облысы Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Ол Украинаны азат етуге қатысқан. Житомир үшін шайқаста, Забайкалье майданында және Маньчжуриядағы ұрыстарда болған. Қайыр Хасенов II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Украина президенті медальдарымен, маршал Жуков және "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.
Владимир Дровосеков 98 жаста. Солтүстік Қазақстан облысы Молотов ауданы Балкашино селосында дүниеге келген. Ол үшінші Белоруссия майданында ұрыста болған. Майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, маршал Жуков медалімен және көптеген мерейтойлық наградамен марапатталған.
Василий Сердюков 98 жаста. Ол - Ақмола облысы Алексеев ауданы Богдановка ауылының тумасы. Майдангер Минскіні, Белоруссияның көптеген ауылдары мен қалаларын азат етуге, Варшава, Познань үшін шайқастарға қатысқан.
Ол майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше бір жыл бұрын елордада жеті ардагер Жеңіс күнін тойлаған.
Жалпы соғысқа 1,2 миллионнан астам қазақстандық қатысты.