Жамбыл облысында ер адам тойбастарды ұрлап кеткен

Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлады өңір полициясы.
Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй-жайларға ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.
"Ер адам пластик есік арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. Сондай-ақ басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Той жасап, пәтер сатып алған: Өскеменде үй қызметкері қомақты соманы қолды қылды